Оралда су басу қаупіне байланысты Маштаков ауылынан тұрғындар көшірілді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 14 наурыз күні сағат 20.00-де Маштаков ауылына кіреберісте жергілікті маңызы бар топырақты жолды су шайып кетті. «Соның салдарынан Маштаков ауылына қауіп төнді. 70-80 тұрғын өз еріктерімен жақын-жуықтарына орналасты. Қалғандары Деркөл кентіндегі мәдениет үйіне эвакуацияланды. Халықты көшіру үшін «Уралавтотранс» ЖШС автопаркінен бір автобус шығарылды. Сондай-ақ ТЖ күштерінен 76 адам, 9 техника, жергілікті атқарушы органнан 3 автобус, экскаватор, 3 «КамАЗ», Орал қаласы Полиция басқармасынан 6 техника, 15 адам жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомстводан.
Жүктелуде...