Канаданың Квебек провинциясының Амки қаласында жүк көлігі жаяу жүргіншілерді қағып кетті, екі адам қаза тауып, тоғыз тұрғын жарақат алды деп хабарлады turkystan.kz BBC News-қа сілтеме жасап. Автокөлік жүргізушісі 38 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, ол ұсталды. Тергеушілер «оқиға алдын ала жоспарланған шабуыл болды ма?» деген сұраққа жауап іздеп жатыр. Қаза тапқандар – 70 және 60 жастағы екі ер адам. Канадалық БАҚ-тың хабарлауынша, зардап шеккендер қатарында балалар да бар. Олар жергілікті ауруханада жатыр. Куә болғандардың бірінің сөзінше, жүк көлігі тротуарда жүрген жаяу адамдарға жақындаған сайын жылдамдығын арттырған.
Жүктелуде...