50280
Бас мүфти Қазақстандағы кәсіпкерлер мен саудагерлерге үндеу жасады
Бас мүфти Қазақстандағы кәсіпкерлер мен саудагерлерге үндеу жасады
Оразаға орай бас мүфти қазақстандық кәсіпкерлер мен саудагерлерге үндеу жасады деп хабарлады turkystan.kz.
Наурызбай қажы Тағанұлы әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын 10 пайызға дейін төмендетуді сұрады. Бұл туралы ол Астанада өткен Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының баспасөз мәслихатында айтты.
«Жақсы амалдарыңыз өздеріңізге еселеп жақсылық болып қайтатынында күмән жоқ. Мұндайда халқымыз: «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» демей ме?! Осы сәтті пайдаланып, барша қауымға қасиетті Рамазан айында арақ-шарап ішілмесе және дүкендерде сатылмаса, мүмкіндігінше құдайы астар кешкі ауызашар уақытында өткізілсе деген тілегімді жеткіземін. Алла Тағала Рамазанның құрметі үшін жасаған жақсы ісіміздің себебімен баршамызды жақсылыққа кенелткей», - деді бас мүфти үндеуінде.