Екі белбеуден бас тартқан Головкиннің келесі қарсыласы кім?

Екі белбеуден бас тартқан Головкиннің келесі қарсыласы кім?

Екі белбеуден бас тартқан Головкиннің келесі қарсыласы кім?
ашық дереккөзі

Бразилиялық журналист Уилсон Балдини қазақстандық Геннадий Головкиннің WBA титулынан бас тартқанына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

GGG мұның алдында IBF белбеуін де бос қалдырған, енді Головкинде тек IBO титулы бар.

"GGG орта салмақта WBA белбеуінен бас тартты. Өйткені Эрисланди Ларамен жекпе-жектің пайдасы мардымсыз деп ойлайды. Енді Головкин мен Хайме Мунгия арасындағы айқастың ықтималы артып келеді", - деп жазды ол Twitter желісінде.