50368
Биыл Алакөлге Тальго пойызымен қатынауға болады
Биыл Алакөлге Тальго пойызымен қатынауға болады
Биыл "Астана-Достық" бағыты бойынша Тальго пойызы іске қосылады деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ.
2022 жылы Алакөл жағалауына темір жол көліктері 243 мың жолаушы жеткізген.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2023 жылы жолаушылар орындарының санын 6%, яғни 276 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Биыл туроператорлар үшін коммерциялық пойыздарға билеттерді ерте – пойыз жөнелтілгенге дейін 180 тәуліктен бастап броньдау тәртібі қолданыста болады" делінген компанияның хабарламасында.