50299
Сәпиевпен жанжалдасқан спортшыны оқудан шығарды ма?
Сәпиевпен жанжалдасқан спортшыны оқудан шығарды ма?
Batyrball турнирінде бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевпен төбелесіп қалған Зелимхан Мусиханов колледжден шығарылған болуы мүмкін. Бұл жайында боксшы Аида Сатыбалдинова өзінің Instagram әлеуметтік желісінде видео жариялаған.
Оның сөзінше, балуанның спорт колледжін бітіруіне 2 ай қалған. Сонымен қатар, әлі расталмаған ақпарат бойынша, Мусихановтың туыстары да жұмыстан қуылған деген ақпарат айтылады.
"Олимпиада чемпионы мен Зелимхан Мусихановтың төбелесін бәріміз көрдік. Жігіттер қол алысып, жанжал сонымен бітті деп ойлап едік. Осы оқиғадан кейін не болды? Зелимхан білім алып жүрген спорт колледжінен шығарылды... Оның ағасы жұмыстан қуылған. Оның ата-анасы да жұмыстан қуылған деген ақпарат бар, бірақ нақты солай деп айта алмаймын. Артынан Александр Гольцман (Мусихановтың бапкері) осы іске араласып, Зелимханды қайтадан оқуға алдыруға тырысады, себебі ол жігітті осы оқиғаға бола оқудан шығару қате. Амалын тауып оны қайтадан алдырды", - дейді Сатыбалдинова.
Massaget тілшісінің жазуынша, спорт академиясында Зелимхан Мусихановтың оқудан шығарылуына қатысты мәселе болмаған. "Оқудан шығарылған жоқ. Ешқандай мәселе туындамады. Бізде оқиды. Ол - 3 курс студенті. Соңғы жылы. Мамандығы - дене тәрбиесі мұғалімі. Қазір іс-тәжірибесінде", - деп жауап берген колледж өкілі.View this post on Instagram