Бір жыл ішінде Қазақстандағы шашқа арналған сусабын бағасы 40 пайызға өскен деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
«Бір жыл ішінде шашқа арналған сусабын бағасы 41,7%-ға өсіп, осы салада өндірістің азайғаны байқалады. Шашқа арналған күтімдер: сусабын, шашқа арналған бояғыш заттардың және т.б өнімдердің өндірісі 10,3 %-ға азайып кеткен. 2022 жыл 12 ай ішінде 606 тонна өнім дайындалған», - делінген хабарламада.Импорт 18,1 пайызға қымбаттаған.