8 наурызда қыз-келіншектер қоғамдық көлікте тегін қатынайды

8 наурызда қыз-келіншектер қоғамдық көлікте тегін қатынайды

8 наурызда қыз-келіншектер қоғамдық көлікте тегін қатынайды
ашық дереккөзі
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай Ақтау қаласындағы қоғамдық көліктерде қыз-келіншектер тегін қатынайды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz. «Атап айтқанда қаладағы 2, 3, 4, 4М, 5, 7, 8 маршруттарында жүру тегін болады» делінген баспасөз мәліметінде. Сондай-ақ 19 наурыз сайлау күнінде және 22 наурыз күні қалалық бағыттардағы автобустармен жүру тегін болады. Қоғамдық көлік өзінің тұрақты кестесі бойынша сағат 6:40-тан 21:00-ге дейін жүреді.