50232
Білім саласын дамытуға қатысты басымдықтар айтылды
Білім саласын дамытуға қатысты басымдықтар айтылды
«AMANAT» алдағы 5 жылда бір ғана Сыр елінде 26 білім беру нысанын салып, 4300 орынға арналған 43 балабақша ашылуына ықпал етпек. Мұны Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ұжымымен кездесу барысында партия атынан облыстық мәслихат депутаттығына үмікерлер атап өтті.
«Білім саласын дамыту – мемлекеттің ұстанған негізгі бағыттардың бірі. Бұл орайда «AMANAT» партиясы да өзінің білім бағытындағы аймақтық комиссиясында білім саласындағы мәселелер талықаланып отырады. Партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында аталған тақырып кеңінен қарастырылған. Мәселен, ауылдық жерлермен қала орталығындағы білім деңгейі бірдей болуы керектігі жөнінде және ғылым саласын қолдау көрсету керектігі нақты қамтылып отыр»,-деді кездесуде сөз алған үміткер Нұрбол Аппазов.Партия бағдарламасында жастарды колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқытумен 100% қамту, физика, химия, биология, STEM пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етілген негізгі және орта мектептердің үлесі 100%-ға жеткізу 17 білім беру ұйымдарының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге қаражат қарастыру нақты жоспарланған. Бұл өңірде білім саласының дамуына жасалған зор мүмкіндік деп білеміз»-, деді Нұрболат Ибраев. Әріптесінің сөзін жалғаған үміткер Гүлшат Мусаева: халық мектептен бастап білікті медициналық көмекке дейін сапалы, заманауи әлеуметтік қызметтерді пайдалануға тиіс. Партия мемлекет пен қоғам тарапынан жұмыс берушінің жауапкершілігі мен жұмысшының қауіпсіздігін бақылауды да күшейтетіндігін жеткізді.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.