Ербол Хамитов, параспортшы: Әлем чемпионы атағы паралимпиадаға жетелейді

Ербол Хамитов, параспортшы: Әлем чемпионы атағы паралимпиадаға жетелейді

Ербол Хамитов, параспортшы: Әлем чемпионы атағы паралимпиадаға жетелейді
ашық дереккөзі
Ербол Хамитов қаңтар айының соңын­­да Швецияның Эстерсунд қа­ласында парашаңғы мен парабиат­лон­нан өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атан­ды. Әлемнің 18 елінен келген 102 спортшының арасында топ жарып, ар­ма­нына қол жеткізген Ербол алтын ме­да­льдан бөлек, парабиатлоннан екі қола жүл­де еншіледі. Қазір Америкада Хрус­таль Глобус үшін таласқа түсетін шешуші жа­­рысқа жол жүріп бара жатқан Ерболға ха­барласып, әңгімелескен едік. – Былтыр Бейжіңде өткен Паралим­­пиа­дадан келгеннен кейін Қанат Бей­се­кеевке берген сұхбатыңызда ұнжыр­ғаңыз түсіп, өз-өзіңізге көңіліңіз тол­май отырғанын аңғарған едім. Араға бір жыл салып, Эстерсундте өткен әлем біріншілігінде әлем чемпионы атан­ды­ңыз. Әдетте төртжылдықтың басты до­дасына үздіксіз дайындалған ат­лет­тер Олимпиададан кейін қарқынын бә­сеңдетіп, кейде тіпті үзіліс алып жа­тады. Ал сіз керісінше... – Біз «Намысты қолдан бермейік» де­ген­ді жиі айтамыз ғой. Паралимпиадада көр­сет­кен сәтсіздігім менің намысыма тиіп кет­ті. Сосын бұрынғыдан бетер мықтырақ болу­ды көздедім. Қателіктермен жұмыс іс­теп, көп жаттықтым. Еш босаңсымадым.  width=– Эстерсундте өткен әлем чемпиона­тын­да алтыннан бөлек, парабиат­лон­нан қос қоланы місе тұттыңыз. Биат­лон­нан бұрын шаңғы спортымен ай­на­лысқаныңызды ескерсек, нәтиже жа­ман емес секілді. – Иә, парашаңғы жарысында алтын ал­ға­ным өз алдына. Парабиатлоннан 12,5 жә­не 7,5 шақырымға спринт жарысында екі қо­ла жүлде иелендім. Негізі, одан үлкен, 18 ша­қырымға жүгіруден чемпион атануды көз­деген едім. Бірақ үшінші орынға ілігуге 14 секундтай уақыт жетпей қалып, төртінші орын­­ға табан тіредім. 12,5 шақырымда да ал­­тын медаль алатын жөнім бар еді. Бірақ па­ра­биатлонда әлі ашыла алмадым. Көп қа­­­­те­лік жасаймын. Ал жалпы, үш медаль ал­­ғаныма қуаныштымын. Бізде құрал-жаб­дық­тар сапалы болды. Облыс әкімшілігі көп кө­мегін тигізді. Менде бұрын винтовка бол­маған. Олимпиада алдында облыста­ғы­лар, сосын министрліктегілер винтовка сый­лады. Былай қарап тұрсаң, ұсақ-түйек нәр­се, бірақ бұл әлем чемпионатында нәти­же берді. – Әріптесіңіз Бе­­кен­тай Тұрлы­бе­ков біз­ге берген сұх­ба­тын­да биатлон бол­­жап-білуге бол­май­тын спорт екенін, сө­­реде бірінші бо­лып алға шық­қа­­ның­­мен, ату алаңына келгенде бә­рі өзгеріп са­ла беретінін айтқан еді. Сіз де бұл спорт­қа сонысына қы­зық­­­тыңыз ба? Жал­пы, сізге қай спорт жа­қын, пара­биат­лон ба әлде пара­шаң­ғы ма? – Негізі, маған екеуі де жақын. Жалпы, мен биатлонмен Олимпиадаға бір ай қал­ған­да айналыса бастадым. Кеш бастауыма се­беп – жоғарыда айтқандай, менде вин­тов­ка болмады. Тиісінше, ату сайысынан тә­жіри­­бем аз. Олимпиадада онның жетеуіне дәл тигізе алмай, сәтсіз өнер көрсеттім. Сон­дықтан қазір нысанаға дәл тигізуді үй­ренуім қажет. Әрі мұнда сырғанап кеп, тоқ­­тап, жатып атып, сосын қарқынды қайта үдету оңай емес. Бірақ Бекентай айтқандай, бұл сонысымен қызық. Шаңғы жарысында да оңай емес. Мұнда күшіңді үлестіре білуің керек. Басында тез жүгіріп, топты артқа тас­тағаныңмен, соңына дейін жетпей, орта жолда қалып қалатындар жетерлік. Со­н­дық­тан қай жерде бәсеңдеп, қай жерде алға қарай ұмтылуың керек екенін бапкерлермен ақылдасып алуың керек.  width=– Сіздің жарақатыңыз туралы әр­түр­лі дерек айтылады. Анығын өз ауы­зыңыз­дан естісек. – Петропавлдағы мейрамханалардың бі­рін­де күзет қызметінде жұмыс істеп жүр­ген кезім. Ауысымым аяқталған соң жақын жерде орналасқан клубқа бардым. Онда бұрын­нан жақтырмайтын таныстарыммен кездесіп қалдым. Сол кезде таныстарым кә­мелет жасқа толмаған балаларды ішке кір­гізуімді сұрады. Бас тартқан едім, сөзге ке­ліп қалдық. Сосын кіреберісте әлгі та­ныс­та­рым маған тесіле қарағандықтан, тағы сөз­ге келіп қалдық. Сол кезде біреуі ұрса, екін­шісі оқ атты. Сол күйі ортақ мәмілеге ке­ле алмай, келесі күні облыстық балалар ем­ханасының қасында кездесеміз деп келіс­тік. Бірақ ол күні сөзге келместен атыс бас­­­­талып кетті. Ақырында, аяғыма оқ тиіп, жа­рақат алдым. Сол кезде үрейі қашқан дос­тарым бір адым жерде орналасқан ба­ла­лар ауруханасына жеткізген. Ол жерде ере­­­сектерді емдейтін маман жоқ. Ере­сек­тер­ге ота жасайтын хирург жоқ. Емха­наға апар­са, көп уақыт жоғалтып алар­мыз деп ой­лаған жігіттер ауру­хана дегенге сол жерге алып кел­ген ғой. Жастар ғой, көп нәрсені байы­бына барып түсіне бермейді. Сөйтіп, ба­ла­лар ауруханасында үш сағаттай жаттым. Он­да көп қан жоғалттым. Ондай сәтте ая­ғың­ды қозғалтсаң, бір жаққа қан ұйып қа­лады да, аяғың қарая бастайды. Кейін «жедел жәрдем» көлігімен емханаға апарып, дәрігерлер консилиум жасаған кезде тіпті ата-анама да ескертпей, бір аяғымды кесіп тас­тады. Өйтпесе, болмас еді. Өлім мен өмір ара­сында арпалысып жатқан сәт. – «Сол кезде ата-анама жылайтын бол­­­­саңдар, палатаға кірмеңдер» деп та­лап қойғаныңызды бір жерден оқы­ған едім. – Иә, үйдегілерге «кім жылайды, сол па­ла­таға кірмесін» деген ультиматум қойдым. Ке­рісінше, мен оларды қолдадым. Бәрі жақ­сы болатынына сендірдім. Өз-өзіме деген се­німділігім, мінезім мені ол тығырықтан алып шықты. Мен қарапайым отбасында тәрбиеленгенмін. 6-сыныпқа дейін ауылда ата-әжемнің қолында өстім. Атам Хамит ба­ла күнімнен «Шағым айтпа» деп тәр­бие­леп өсірді. Ширату үшін асау атқа отыр­ғы­за­тын. Қалада оқығанда біраз қиындық көр­дім. Сондықтан болар, жарақат алғанда өз-өзіме мойымау керек деп айтумен бол­дым. Сосын маған үнемі хабарласқан ММА федерациясының президенті Анатолий Ким­нің де қолдауы көмектесті. Ол кісі «Бай­қа, теріс жолға түсіп кетпеші!» деп әркез ақы­лын аямайтын. Сөйтіп, тырысып-тыр­мысып, бір жарым жылдан соң Алматыға оқу жаттығу жиынына бардым. Онда Шав­кат Рахмоновтармен бірге жаттықтым. Жал­пы, мінез, тәрбие болмаса, түк өнбейді. Ба­сыма қара бұлт үйірілген кезде менен жалт бұрылғандар көп болды. Тіпті, екі жыл кездесіп жүрген сүйікті қызым тастап кетті. Байланысты үзген достар, бапкерлер де бар. Алғашында екі-үш ай қолдады, бірақ кейін олар­дың көзінен «Ары қарай не істейді дейсің? Мүгедектіктен зейнеткерлікке дейін осылай отырады» дегенді оқып қойдым. Мен мұны мені аясын деп емес, басқаларға сабақ болсын деп айтып отырмын. Мені қиын кезде «жақындарыңды тастама!» деп тәр­биеледі. Әсіресе, атам бәріміз бірге тұ­рып, қолдау білдіріп жүруіміз керек екенін үне­мі айтатын еді. Ол кезде оның бұл айт­қанын түсінбейтін едім, нағыз тәрбиенің үл­гісі екенін енді ұғып жатырмын. Ата-анам­­нан бөлек, әкем­нің әпкесі үлкен қолдау көр­сетті. Ол кісінің үйінде тұрғандық­тан, жа­раларымды та­ңып, үнемі қарайласып отыратын.  width=– Әу баста жекпе-жек ше­бері емес, фут­­­болшы болғыңыз кел­ген екен... – Иә. Негізі, бұрын футболшы болғым кел­ген. Бірақ бұл арманым орындалмады. Біз­де көбіне легионерлерді жақын тартады ғой. Десе де, бізді бала күннен академияда тәр­биелесе, жағдай жасап, жаттықтырса, біз де түбі бір жерді жарып шығатын едік. Өзі­ңіз білесіз, бізде бәрі ауылда болсын, аулада бол­сын, таңнан кешке дейін доп тебеді. Сөйтіп, доп тепкен мен облыс құрамасына кіріп, түрлі сайысқа қатыстым. Бірақ бізді одан ары асырмайды. Менімен бірге кәсіби деңгейде ойнағандардан тек Александр Соколенко ғана «Қайрат» сапында ойнады. Сон­да мыңнан бірі ғана жоғары лигада өнер көр­сете алады. Ал қалғанымыз легионер­лер­ді бәрінен биік қойғандықтан есепке алынбаймыз. Өкінішті. Жарақат алғанға дейін спорт десе ішер асын жерге қоятын мен жарақат алғаннан кейін де тыныш отырғым келген жоқ. Футбол, жекпе-жектен бас тартпадым. Түскі төртте футбол, сосын кешкі жетіде жекпе-жек залына баратын­мын. Бірақ күніне екі түрлі жаттығу жасап, қы­сым көп түскендіктен, жүрегім шаншып ауы­ра бастап, ақырында футболдан қол үздім. Сосын Астанада мені қолдайтын достарым пара­лим­пиада орталығына жіберді. Ұлттық па­ра­лимпиада комитетінің бас хатшысы Ер­лан Маратұлы қай спортқа ден қойған дұ­рыс екенін ширатып айтып, ақырында ауыр атлетика мен шаңғы спортында ба­ғым­­ды сынап көруім керектігін айтты. Әсі­ресе, «Сіз туып-өскен жақта қысқы спорт түр­лері жақсы дамыған» деп шаңғыға ерек­ше тоқталып, Олимпиадада топ жарған қос қа­зақстандық Колядин мен Гирлицті мы­сал­ға келтірді. Сөйтіп, шаңғы тебумен айна­лы­­­суды жөн көрдім. Ол кезде көпшілік па­ра­лимпиадалық спорт түрлерінен бейхабар. Жаңылыспасам, бұл спорт түрлері Қазақ­станда 2018 жылы енді қарқын ала бастаған секілді. Шынымды айтсам, парашаңғымен айналысқан бірінші жылы қатты қиналдым. Ол кезде жалақы төленбейді. Петропавлда тү­німен такси жүргізуші болып жұмыс іс­тей­мін. Таңертең жаттығуға тұра алмай, ұйы­қ­­тап қалып, түстен соң барсам, бапкер­лер­ден сөз еститінмін. Бір жарым жыл осы­­лай жүрдім. Жекпе-жектен де қол үзбе­дім. Сосын бапкерлер «Шаңғы немесе греп­линг. Екеуінің біреуін таңда» деп талап қой­ды. Оларды «Екі жақта да жүре тұрайын. Уа­қыты келгенде таңдаймын» деп ақыры көн­дірдім. 2019 жылы Ташкентте греп­линг­тен өткен Азия чемпионатына қатысып, дені сау атлеттердің арасында екінші орын­ды иелендім. Әдепкіде маған ешкім сенбеді. Бі­рақ дені сау олардың дәл мені жеңгісі ке­­летінін сезіп жүрдім. Ақырында, қар­сы­лас­­­тарымның бәрін мерзімінен бұрын жең­­дім. Тек соңғы шешуші айқаста бар кү­шім­ді сала алмай, екінші орын алып қалдым. Бірақ бұл жарыстан соң Хабиб Нұрмаго­ме­дов басқаратын Gorilla Fighting про­моуш­ні­мен келісімшарт жасастым. Олардан 150 мың­дай айлық алып отырдым. Ол кезде бұл мен үшін кәдімгідей қолдау болды.  width=– Бірақ кейін таңдау таразысына тарт­қан кезде парашаңғы спорты ба­сым болды ғой? – Иә. 2020 жылы ұлттық құрама қата­ры­на қабылдандым. Шынымды айтайын, он­да жалақы үшін бармадым. Шаңғы спор­ты ерекше ұнайды. Спортшы ақшаны бәрі­нен биік қойса, ешқашан жетістікке жет­пей­ді. Мен ол спортқа із қалдыру, тарих жа­сау үшін келдім. Өткенде әлем чем­пио­натында әнұранымыз ойнап, Көк туымыз көкке көтерілген кезде көп нәрсені түсіндім. Одан бұрын Олимпиаданың ашылуында Қа­зақстан туып көтеріп шығуды маған се­ніп тапсырды. Қарап отырсаң, бұл екінің бірі­не бұйыра бермейді ғой. Мұның бәрі өз ісім­ді шын сүйгендіктен деп білемін. – Әлем чемпионатынан келген бет­те облыс басшысы ақшалай сыйақы мен қызметтік пәтердің кілтін табыс­та­ды. Біздің білуімізше, қызметтік пә­тер сіздің жеке меншігіңіздегі пәтер са­нал­майды ғой? – Спортшыларға сыйақы тағайындау ту­­­ралы жарлыққа сәйкес, Олимпиада, Пара­лим­­пиа­да, Сурдлимпиада ойындарында топ жарған үштікке алған орындарына бай­ла­ныс­ты бір­неше бөлмелі пәтер береді. Онда әлем чем­пионаты жүлдегерлеріне үй беру туралы ештеңе жазылмаған. Бұл үйді облыс әкімі өз атынан берді. Олар менің бала-ша­ғаммен Пет­ропавлда пәтер жалдап тұра­ты­нымды есті­ген болса керек. Бұл қызметтік пә­терде спорт­тан қол үзгенше тұратын бо­ламын. – Әлеуметтік желідегі жеке парақ­шаңызда жастарды жігерлендіретін жаз­баларды жиі жазатыныңызды бай­қа­дым. Біздің жас оқырмандарға ай­та­рыңыз бар ма? – Бастысы, жастар қыдырамын, қызық қуа­мын деп, басты құндылықтарды ұмытып кет­песін деймін. Жалқау болмасын. Еңбек­тен­сін. Түнде көп далаға шықпасын. Ата-ана­ларымен жиі сөйлессін. Үлкендері де ба­лалардың интернетте не қарап, не қойып жүр­генін білсін. Бірақ, мойындау керек, жас­­тарымыз жалқауланып барады. Олар қа­­­­лаған нәрсесін бір шертіп-ақ алғысы ке­леді. Ал шынында, бәрі таза еңбекпен ке­ле­тінін түсіне бермейді. Сондықтан бала тәр­­биесіне жастайынан көңіл бөлу қажет. Бір­деңе бүлдірсе, жазалау керек. Қазірден бас­тан шара қолданбасаң, ертең ол бала «Ма­ған бәрі болады» деп танауын көтеріп шы­ға келеді. Ертең сенсіз-ақ оны жаза­лай­тын­­дар табылады. Заң жазаламаса да, Алла жа­­засын береді. Сосын тағы бір айтарым, ба­­тыс мәдениеті біздің жастарға теріс ық­па­лын тигізіп жатыр. Бізге бұлай еліктеген жа­распайды. Бала кезден санамызға сіңіріп, құ­лағымызға құйып өсірген салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, ырымдарымыз бар. Осыларды жа­дымыздан шығармасақ болғаны.  width=– Америкаға жол жүріп бара жат­қа­ныңыз­ды білеміз. Сәттілік серігіңіз бол­сын! – Рақмет! Наурыз айының алғашқы ап­та­сында Америкада әлем кубогының жалпы есе­бінде Хрусталь глобус үшін талас өт­кі­зіледі. Қысқы Олимпиада ойындарында чем­­­пион атанған тұңғыш қазақстандық Вла­димир Смирнов бұл глобусты 90-жыл­дары иеленген. Одан кейін ешкім ием­ден­беді. Сондықтан сол глобус үшін қалай да бол­са таласуым керек. Қазір жалпы есепте биат­лоннан екінші, шаңғыдан үшінші орын­да тұрмын. Бірақ бәрі соңғы кезеңде ше­шілуі әбден мүмкін. Негізі, ол глобусты Қа­зақстанға бірінші болып әкелгім ке­ле­тінін жасырмаймын. Сосын, әлбетте, 2026 жы­лы Италияда өтетін Паралимпиадада чем­пион атанғым келеді. Жарақат алып қал­масам, ол мақсатыма жетпей қоймаймын деп отырмын.

Сұхбаттасқан Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ