Жобаға сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендия мынадай мөлшерде белгіленеді:
- даярлаудың педагогикалық бағыттарында және "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41 898 теңге;
- педагогикалық бағыттарда білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;
- "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;
- интерндерге – 75 890 теңге;
- магистранттарға – 97 024 теңге;
- "Назарбаев университеті" дербес білім беру ұйымында білім алатын магистранттарға – 162 500 теңге;
- докторанттарға – 217 500 теңге;
- "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша докторанттарға – 217 500 теңге;
- "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге.