Қазақстандық боксшы WBA титулы үшін жекпе-жекте нокаутпен жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы WBA титулы үшін жекпе-жекте нокаутпен жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы WBA титулы үшін жекпе-жекте нокаутпен жеңіске жетті
ашық дереккөзі
50208
Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Николай Шваб кәсіпқой рингте кезекті жекпе-жегін өткізді деп хабарлады turkystan.kz  Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Ол Доминикан Республикасында өткен бокс кешінде венесуэлалық Эльбер Рохаспен (18-7-2, 15 КО) жұдырықтасты. Боксшылар жеңіл салмақтағы WBA Fedecaribe титулын сарапқа салды. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Бірақ үшінші раундта Швабтың орындауында техникалық нокаут тіркеліп, жеңіс қазақстандық боксшыға берілді. Бұл Николай Швабтың кәсіпқой бокстағы 11-ші және мерзімінен бұрын жетінші жеңісі болды. Рохас осымен сегізінші рет жеңіліп отыр. Оның қоржынында жалпы 18 жеңіс (15-і нокаутпен) және екі тең ойын бар.

Серіктес жаңалықтары