Азия чемпионатында желаяқ Каролин Кипкируи алтын медаль алды

Азия чемпионатында желаяқ Каролин Кипкируи алтын медаль алды

Азия чемпионатында желаяқ Каролин Кипкируи алтын медаль алды
ашық дереккөзі
50237
Бүгін Астанада басталған жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында қазақстандық Каролин Чепкоеч Кипкируи алтын медаль алды деп хабарлады turkystan.kz. Құрлықтық додада ол 3000 метрге жүгіруден сынға түсті. Жарыс барысында қазақстандық желаяқ алдына жан салған жоқ. Ол мәре сызығын 9:01.98 секунд уақыт көрсеткішмен алғашқы болып қиды. Аталған қашықтықта күміс жүлде қытайлық Уга Хэге бұйырса, жапониялық Юма Йамамото үздік үштікті түйіндеді. Жарысқа 31 елден келген 360 спортшы қатысады деп жоспарланған. Олар жеңіл атлетиканың 26 түрінен сайысқа түседі. Чемпионат барысында халықаралық дәрежедегі 88 білікті маман төрешілік етеді.

Серіктес жаңалықтары