Әділ мен Мирболаттың денесі елге 11 ақпанда жеткізіледі

Әділ мен Мирболаттың денесі елге 11 ақпанда жеткізіледі

Әділ мен Мирболаттың денесі елге 11 ақпанда жеткізіледі
ашық дереккөзі
50247
Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқан Әділ мен Мирболаттың денесі 11 ақпанда елге жеткізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Сыртқы істер министрлігі қаза тапқандардың денелерін отанға жеткізу үшін барынша көмек көрсетеді. Біздің отандастарымыздың денелері 11 ақпанында Анталия-Алматы тұрақты рейсімен Қазақстанға жеткізіледі деп күтілуде. Барлық шығындарды мемлекет өз мойнына алады»,-деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Ал жер сілкінісінен аман қалған Сабина Мамадьярова қазір Адана қаласының мемлекеттік ауруханасында. Кеше оған зақымдалған қолына операция жасалды, денсаулық жағдайы тұрақты. СІМ мәліметнші, соңғы 4 күнде Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диярбакыр, Шанлыурфа, Адана, Конья және Элязык провинцияларынан 124 Қазақстан азаматы шығарылды, оның ішінде 58 ел азаматы Астанаға репатриациялық рейстермен жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары