Қазақстандық теннисші кортта ашуға беріліп, ракеткаларын сындырды

Қазақстандық теннисші кортта ашуға беріліп, ракеткаларын сындырды

Қазақстандық теннисші кортта ашуға беріліп, ракеткаларын сындырды
ашық дереккөзі
50355
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өтіп жатқан турнирде жанкүйерлер алдында эмоциясын жасыра алмады. Тоғыз рет ұтылған ойыншы көпшілік алдында ашуға беріліп, ракеткасын жерге ұрып, сындырды деп хабарлады turkystan.kz. Бубликтің ашуға беріліп, ракеткаларын сындырған сәтін «Спорт Шредингера» Telegam арнасы жариялады. Видеодан теннисшінің тым қатты ашуланып, үш ракеткасын сындырып тастағанын көруге болады. Отандық теннисші турнирдің алғашқы айналымында франциялық Грегуар Баррермен шеберлік байқасты. Тартысты өткен ойында Александр Бублик 4:6, 7:6, 6:7 есебімен қарсыласына есе жіберді. Осылайша, Бублик Монпелье қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің екінші айналымына шыға алмады. Айта кетейік, Александр Бублик Қазақстанның бірінші, АТР рейтингі бойынша әлемнің 50-ракеткасы саналады. 

Серіктес жаңалықтары