Александр Бублик Монпелье турнирінде жеңілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің екінші айналымына шыға алмады деп хабарлады turkystan.kz.
Осы жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 75-орында тұрған франциялық Грегуар Баррермен шеберлік байқасты.
Бұған дейін сегіз ойында қатарынан жеңіліс тапқан А.Бублик аталмыш доданың өткен жылғы чемпионы ретінде де өз ұпайларын қорғауы тиіс-ті.
Бірінші партияны корт иесі брейкпен бітірді – 6:4.
Екінші сетте аса тартысты тай-брейкте А.Бублик Г.Баррердің матчты аяқтауына мүмкіндік бермеді – 7:6 (14:12).
Үшінші, шешуші сетте есеп 3:2 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай алды – 4:2. Алайда ізінше қателікке бойалдырып, өз геймін беріп қойды. Ақыры тай-брейкте қарсыласы жеңіске жетті – 7:6 (7:3).
Екі сағат жарымға жуық уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында А.Бублик 19 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Г.Баррер 5 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.
Франциялық теннисші ширек финалға шығу үшін әлемнің 87-ракеткасы, грузиялық Николоз Басилашвилимен таласады.
.
Чемпионға арналған пәтер!
Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!