Сирияда кіндігі кесілмеген нәресте үйінді астынан құтқарылды

Сирияда кіндігі кесілмеген нәресте үйінді астынан құтқарылды

Сирияда кіндігі кесілмеген нәресте үйінді астынан құтқарылды
ашық дереккөзі
Сирияның солтүстігіндегі үйінділердің арасынан жаңа туған қыз бала құтқарылды деп хабарлады turkystan.kz CNN-ге сілтеме жасап. Нәресте табылғанда оның кіндігі де кесіліп үлгермеген еді. Қасындағы анасы қираған үйінді арасында көз жұмған. «Үйінділерді қазып жатқанда, дауыс естідік және кіндігі кесілмеген сәбиді таптық. Кіндігін өзіміз кестік, немере қарындасым қызды ауруханаға апарды», - деді анасының немере ағасы Халил Әл-Сувади AFP агенттігіне. Құтқарылған нәресте қазір Африн қаласындағы балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты екенін айтуда, бірақ оның денесі көгерген, жарақат алған және денесі суып қалған. Сәбидің отбасынан ешкім тірі қалмады. Олар тұрған бес қабатты үй де жермен-жексен болған. Сонымен бірге, сириялық құтқарушылар тұтас отбасы мүшелерін үйінді астынан алып шықты. Ондағы балалар екі бетон плитаның арасында 36 сағат бойы көмек күткен. Мәриям есімді қыз құтқарушылар келгенше інісін қолымен жауып, мүмкіндігінше қорғаған. Қазір балалар ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілуде.