50352
Мәжіліс сайлауы: кандидаттарды ұсыну аяқталды
Мәжіліс сайлауы: кандидаттарды ұсыну аяқталды

Парламент мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды деп хабарлады turkystan.kz ОСК сайтына сілтеме жасап.
«2023 жылғы 8 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына келесі саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды:
1. «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
2. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
3. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі»;
4. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі;
5. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
6. «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі;
7. «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі», - делінген ОСК-ның ақпараттық хабарламасында.