Түркістанда Орталық Азия Парламентаралық форумы өтеді

Түркістанда Орталық Азия Парламентаралық форумы өтеді

Түркістанда Орталық Азия Парламентаралық форумы өтеді
ашық дереккөзі
50227
9-10 ақпан күндері Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші парламентаралық форумы өтеді деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шара Орталық Азия мемлекеттері басшыларының өткен жылдың шілдесінде Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) өткен төртінші консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде өткізіледі. Парламенттердің ынтымақтастығын нығайту – бұл Орталық Азия елдері арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру. Форумның маңызды басымдығымәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, елдердің зиялылары арасындағы диалогты тереңдету, Орталық Азия халықтарының ортақ мәдени және рухани мұрасын дәріптеу болып отыр. Осы жылдың қаңтар айында Бішкекте қазақ және Қырғыз зиялыларының форумы өтті. Іс-шара Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына арналды. Біздің халықтарымыз арасындағы мәдени және рухани байланыстарды нығайту үшін осындай зиялы қауым форумдарын көпжақты форматта өткізу маңызды. Форум жұмысының басым бағыттары Түркістан декларациясында баяндалатын болады. Декларация алдағы кезеңде Орталық Азия елдерінің парламентаралық ынтымақтастығы үшін берік негіз болады.  

Серіктес жаңалықтары