Баланы шашынан жұлқылаған балабақша қызметкері жазаланды (ВИДЕО)

Баланы шашынан жұлқылаған балабақша қызметкері жазаланды (ВИДЕО)

Баланы шашынан жұлқылаған балабақша қызметкері жазаланды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50580
Қарағандылық ата-ана «Арман» балабақшасында білім алатын баласына мекеме қызметкері қол көтерген деп шағымданған. Әлеуметтік желілерде Қарағанды қаласының Майқұдық шағынауданында орналасқан «Арман» балабақшасының бейнебақылау камераларынан алынған видео тарады. Бейнебақылау камераларынан белгілі болғандай, тәрбиеші кішкентай қызды шашынан жұлқылаған.
«Мен мұны бейнеден кездейсоқ байқап қалдым. Бәлкім, қыз баланың ата-анасы баласын кімге сеніп қалдыратынын білмеуі мүмкін. Міне, балаларымызға деген қарым-қатынастары қандай...» деп жазды жарияланым авторы.
Осы оқиғадан кейін қалалық білім бөлімі балабақшада қызметтік тексеру жүргізді.
«Құрметті ата-аналар! Қарағанды қаласының «Арман» балабақшасын тексеру аяқталды. Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша тәрбиешінің көмекшісі ҚР Еңбек кодексінің 49-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыстан шығарылды. Мектепке дейінгі ұйымның директорына қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Балаларға қатысты физикалық, моральдық және психологиялық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға жол берілмейтінін еске салғымыз келеді», - деп хабарлады Қарағанды қаласының білім бөлімі.

Серіктес жаңалықтары