Қазақстандық төреші әлем чемпионатында қазылық етеді

Қазақстандық төреші әлем чемпионатында қазылық етеді

Қазақстандық төреші әлем чемпионатында қазылық етеді
ашық дереккөзі
50295
Қазақстандық төреші Айдос Ахметов жастар арасындағы «Әлем чемпионаты – 2023» додасында қазылық етеді деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан волейбол федерециясына сілтеме жасап. Халықаралық волейбол федерациясы ҚВФ-на тағы бір халықаралық деңгейдегі Қазақстан төрешісінің бүкіләлемдік дүбірлі додаға, бұл жолы FIVB жалауы астында өтетін 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатына төреші болып бекітілгенін мәлімдеді. Шілде айында Бахрейнде өтетін дүниежүзілік біріншіліктегі халықаралық төрешілер сапына Қазақстаннан Айдос Ахметов ілікті. Еске салсақ, осыдан бір апта бұрын қазақстандық төреші Юлия Акулова әйелдер арасындағы FIVB Ұлттар лигасында қазылық ететіні белгілі болды.  width= Бұған дейін Айдос екі Азия чемпионатында, 2018 жылғы Азия ойындарында, екі Азия кубогында, екі жас санатындағы (U-20 және U-23) құрлық біріншіліктерінде, 2020 жылғы Олимпиада ойындарының іріктеу сынында және клубтық Азия чемпионаттарында төреші қызметін атқарды. 2021 жылғы Азия чемпионатындағы үшінші орын үшін өткен матчта Ахметов мінбедегі бірінші төреші қызметін атқарды. Ал былтыр Иранда ұйымдастырылған клубтық құрлық біріншілігіндегі финалда алғаш рет мінбеге шығып, бірінші төреші міндетін атқарды.  width=

Серіктес жаңалықтары