Қазақстанда үйлер 7 балдық жер сілкінісіне шыдай ма?

Қазақстанда үйлер 7 балдық жер сілкінісіне шыдай ма?

Қазақстанда үйлер 7 балдық жер сілкінісіне шыдай ма?
ашық дереккөзі
50218

Сәулетші Айдар Ерғали Қазақстанда жаңа материалдар мен құрылыс тәсілдерінің сейсмологиялық төзімділігін сынайтын платформа жоқ екенін айтады деп жазды turkystan.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Түркия трагедиясында болған соншалықты үлкен шығын ең алдымен ғимараттардың жер сілкінісіне мүлдем есептелмеуінен орын алып отыр.
Бұрын олардың құрылыс нормативтеріндегі сейсмикаға қарасты шаралар міндетті емес, ұсыным түрінде болатын. Қазір қалай екенін білмеймін. Құрылыс бағасын күрт өсіруге байланысты оларды тек қымбат ғимараттардың жобалауында ғана қолданатын болған. Сондықтан Түркияда жер сілкінісіне осал үйлер соншама көп. Ал бізде сейсмикалық нормалар шамамен алпысыншы жылдардың ортасында пайда болып, міндетті түрде енгізіле бастады. Бастапқыдағы нормалардың қазіргі нормалардан айырмашылығы жер мен көктей. Бірақ алпысыншы жылдардың ортасынан бұрын салынған үйлерге мүлдем жер сілкінісіне қатысты есептеулер жасалмаған. Олар Алматыда ең үлкен қауіп төндіріп тұр. Одан кейінгі үйлердің бәрі жақсы деген сөз емес, - дейді сәулетші.
 

Серіктес жаңалықтары