«Әлеуметтік нан» бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыс жалғасады. Биыл әкімдіктердің деректері бойынша арзандатылған бидайға жылдық қажеттілік - 308 мың тонна. Азық-түлік корпорациясының сату бағасын ескере отырып тоннасына 135 мың теңге, субсидия мөлшері тоннасына 45 мың теңгені құрайды. Бұл 13,8 млрд теңге көлемінде қаражат бөлуді талап етеді», - деді министр.Оның атап өтуінше, тиісті бюджеттік өтінім Қаржы министрлігіне енгізілді. «Аталған іс-шаралар өңірлердің ұн тартатын кәсіпорындарын бидаймен 90 мың теңге белгіленген бағамен қамтамасыз етуге және тиісінше қолжетімді бағамен нан өндіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Азық-түлік корпорациясына жергілікті атқарушы органдар жүгінген кезде қаражат бөлінгеннен кейін жоғарыда көрсетілген сомада шығындарды өтей отырып, бидай сатуды бастауға рұқсат беруіңізді сұраймын», - деді Ербол Қарашөкеев Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа.
Нан бағасын тұрақтандыру үшін 14 млрд теңге бөлінуі мүмкін

Нан бағасын тұрақтандыру үшін 14 млрд теңге бөлінуі мүмкін
7 ақпанда Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру шаралары туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz.