Сақтаныңыз: парацетамолдың өлімге апаратын қаупі болуы мүмкін

Сақтаныңыз: парацетамолдың өлімге апаратын қаупі болуы мүмкін

Сақтаныңыз: парацетамолдың өлімге апаратын қаупі болуы мүмкін
ашық дереккөзі
50551
Эдинбург университетінің мамандары зерттеу жүргізіп, парацетамолдың өлімге әкелетін қаупі бар екенін анықтады. Мысалыға, ол қан қысымы жоғары науқастарда жүрек ауруы мен инсульттің болуын арттыратын көрінеді. Бұл туралы Circulation журналы жазды. Зерттеуге қан қысымы жоғары 110 адам қатысқан. 2 апта бойы бірінші топқа күніне төрт рет парацетамол, ал екінші топқа плацебо беріледі. Сондай-ақ қатысушылардың үштен екісі гипертонияға қарсы препараттарды да ішкен. Зерттеу нәтижесі бойынша, олардың қан қысымы жоғарылады. Сарапшылар парацетамолды үнемі қолдану жүрек ауруы немесе инсульт қаупін шамамен 20 пайызға арттыратынын дәлелдеді. Мәселен, зерттеуге қатысушылар дәріні ішуді тоқтатқаннан кейін, олардың қан қысымы зерттеудің басында болған деңгейге оралады. Бұған дейін парацетамолды қабылдау бауыр ауруын күшейтетіні және тері бөртпесі түрінде аллергиялық реакция тудыруы мүмкін екені белгілі болатын. Сонымен қатар, ацетаминофен ретінде белгілі, ауруды басу үшін жиі қолданылады.

Серіктес жаңалықтары