Пияз артқан 2 жүк көлігі Ресей аспақ болған

Пияз артқан 2 жүк көлігі Ресей аспақ болған

Пияз артқан 2 жүк көлігі Ресей аспақ болған
ашық дереккөзі
50239
Ақтөбе облысында пияз артқан екі ауыр жүк көлігі шекарадан өтпек болған. Бұл туралы өңірдің Мемлекеттік кірістер департаменті мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Ақтөбе облысындағы «Жайсан» автомобиль өткізу пунктінен (Қазақстан-Ресей шекарасы) Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан пияз тасымалдаған 2 ауыр жүк көлігі өтіп кетпек болған. Аталған автокөлік құралдарының жүргізушілеріне пиязды шекарадан шығаруға тыйым салынғаны туралы хабарланды. Қазіргі уақытта пиязды жөнелтушілерге қайтару немесе оны Қазақстанның басқа облыстарында сату туралы мәселе шешілуде» деп жазды департаменттен.
Айта кетейік, 28 қаңтардан бастап 3 ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан пиязды әкетуге тыйым салынған болатын.

Серіктес жаңалықтары