Әйелін мылтықпен атқан азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Әйелін мылтықпен атқан азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Әйелін мылтықпен атқан азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
50256
Әйелін мылтықпен атып, артынша өзіне қол жұмсаған алматылық азаматтың ісіне қатысты жаңа дерек белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап. 48 жастағы қала тұрғыны жұбайымен жанжалдасып, оның соңы қайғылы оқиғамен аяқталады. Қанға малынған ата-анасын жұмыстан оралған ұлы көреді. Дереу көршілерін көмекке шақырады. Көршілерінің пайымынша, әкесі ажырасқысы келіп жүрген әйелін қызғанғандықтан осындай қадамға барған.
«Бұл әрекетті ол қызғаныштан жасады. Болған жайды көршімнің ұлы жеткізді. Полиция сағат 19:30-дан 5-ке дейін осы жерде жүрді. Олар ажыраспаған болатын, бірақ ажырасуға өтініш берген», – деді көршісі.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Бұл факт ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сараптама тағайындалды», – деп хабарлады полициядан.

Серіктес жаңалықтары