Қарағанды әуежайына ірі мөлшерде айыппұл салынды

Қарағанды әуежайына ірі мөлшерде айыппұл салынды

Қарағанды әуежайына ірі мөлшерде айыппұл салынды
ашық дереккөзі
50173
Қарағандыдағы әуежайға авиаотынды қымбаттатып сатқаны үшін 81 миллион теңге айыппұл салынды деп хабарлады turkystan.kz Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша іс қозғаған.
«Қарағанды Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 миллион теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленіп, 31 миллион теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», - делінген хабарламада.
Сот қаулысы заңды күшіне енген соң, әуежай мемлекетке 50 миллион теңге мөлшерінде монополиялық табыс төледі. Соттың ұйғарымы бойынша, әкімшілік айыппұл бөліп төленді. Бұл туралы, 30 қаңтарда әуежай Департаментке растайтын құжаттары бар хат ұсынды. Осылайша, мемлекет кірісіне жалпы сомасы 81 миллион теңге айыппұл өндірілді.

Серіктес жаңалықтары