50546
Иранда қоғамдық орында билеген қыз бен жігіт 10 жылға сотталды
Иранда қоғамдық орында билеген қыз бен жігіт 10 жылға сотталды
21 жастағы қалыңдық пен 22 жастағы күйеу жігіт Тегерандағы Азади мұнарасының жанында билеп, видеосын әлеуметтік желіде жариялағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлады turkystan.kz.
BBC мәліметінше, Астиаж Хагиги мен Амир Мохаммад Ахмади «Азғындық пен қоғамдық жезөкшелікті насихаттағаны» және «ұлттық қауіпсіздікті бұзу мақсатында жиын өткізгені» үшін айыпты деп танылды.
Олардың видеосы Instagram желісінде миллион қаралым жинап үлгерді.
Айта кетейік, Хакики мен Ахмади – елдегі танымал блогерлер, олардың парақшасына көп адам жазылған.