50316
Алматылық азамат әйелін атып, кейін өзіне қол жұмсаған
Алматылық азамат әйелін атып, кейін өзіне қол жұмсаған
Алматы тұрғыны әйелін атып өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсады деп хабарлады turkystan.kz.
Polisia.kz-тің мәліметінше, қайғылы оқиға Наурызбай ауданындағы шағынауданда болды.
«Алдын ала болжам бойынша, отбасылық жанжал кезінде 48 жастағы ер адам мылтықпен жұбайын атып өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсаған. Бұл факт «кісі өлтіру» қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген», - деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.