Мектептерде оқу жылы қайтадан қысқара ма?

Мектептерде оқу жылы қайтадан қысқара ма?

Мектептерде оқу жылы қайтадан қысқара ма?
ашық дереккөзі
50258
Мектеп оқушылары үшін оқу жылын қысқарту мәселесі қаралып жатқан жоқ. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Оқу жылын қысқарту мәселесі қаралып жатқан жоқ. Жыл басында ата-аналар мен балаларға оқу жылы 36 аптаға созылатынын хабарладық. Оқу жоспарлары мен бағдарламалары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар мемлекеттік білім беру стандарты мен білім беру бағдарламаларының талаптарын орындау үшін жасалған. Сондықтан бұл мәселені қайта көтерудің қажеті жоқ. Былтыр оқу жылы 1 қыркүйекте басталды, биыл 31 мамырда аяқталады, яғни, 31 мамыр – соңғы оқу күні. Балалар жазғы демалыста үш ай, яғни 90 күн демалады. Биыл каникулдың бірінші күні Халықаралық балаларды қорғау күніне сәйкес келеді. Бұл біздің балаларымыздың мерекелік көңіл күйін көтере түседі», – деді ол.
Осылайша, мектеп оқушылары 1 маусымнан бастап жазғы каникулға шығады.

Серіктес жаңалықтары