50256
Көкшетауда 25 жастағы жігіт көпқабатты үйді жарып жібермек болған
Көкшетауда 25 жастағы жігіт көпқабатты үйді жарып жібермек болған
Көкшетауда Сарыарқа шағынауданында 25 жастағы жігіт көпқабатты үйді жарып жібермек болды. Қолына пышақ ұстаған күдікті пәтеріндегі газ баллонының шлангісін кесіп тастаған деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Алдымен жас жігіт қолындағы пышағын жалаңдатып көршілерін қорқытқан. Оның әрекетін тұрғындардың бірі полицияға хабарлаған.
Тәртіп сақшыларын көріп қалған ол үшінші қабаттағы пәтерін ішінен жауып, газ баллонын жарамын деп айғайлаған. Тіпті, баллонның шлангісін кесіп, ауаға газ таралыпты. Осыдан кейін көпқабатты үйдің тұрғындарын түгел сыртқа шығаруға тура келген. Ал бұзақыны ақылға көндіре алмаған полиция балконнан пәтеріне кіріп, күдіктіні ұстады. Іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
“Полиция қызметкерлері өрт сөндіру қызметінің баспалдағымен балконға көтеріліп пәтерге кірді. Ол сонда да пышағымен айбат шеккен. 1997 жылғы азамат наркология диспансеріне жеткізіліп, сараптама тағайындалды. Қорқыту бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – дейді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.