Түркістанда 100-ден астам мектеп директорының орны бос тұр

Түркістанда 100-ден астам мектеп директорының орны бос тұр

Түркістанда 100-ден астам мектеп директорының орны бос тұр
ашық дереккөзі
50516
Түркістан облысында 100-ден астам мектеп директорының орны бос тұр. Бұл туралы Түркістан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Жанар Қасымова мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Түркістан облысы бойынша мемлекеттік 906 орта білім беру ұйымы бар. Соның ішінде 164 білім беру ұйымы басшысының орны бос тұр. Атап айтқанда, 123-мектеп, 35 балабақша, 4 колледж, 2 қосымша білім беру ұйымында басшы жоқ. Сондай-ақ, 120 мектеп, 70 балабақша басшылары ротациялауға жатады.
«Облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасы ротациялауды 3 кезең бойынша жоспарлаған. Содан 103 басшыға ротация жүргізген. Ал, Сайрам, Түлкібас аудандарында ротациялау мүлдем жүргізілмеген. 10-20 жыл басшылық қызметте отырған азаматтарға мүлдем ротациялау болмаған. Сондай-ақ ротациялау комиссиясының шешімі 9 мектепте орындалмаған», - деді ол.
Сонымен қатар білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау барысында 311 білім беру ұйымы аттестаттаудан өте алмаған. Олардың ішінде 186 балабақша, 117 мектеп, 8 колледж бар.

Серіктес жаңалықтары