50276
Абай облысында жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды
Абай облысында жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды
Полицейлер үйінен шығып кетіп қайта оралмаған 15 жастағы қызды тапты деп хабарлады turkystan.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Кеше 102 арнасына 34 жастағы қала тұрғыны хабарласып, 15 жастағы қызының жоғалып кеткенін айтқан. Қыз сол күні үйінен шығып кеткеннен кейін қайтып оралмаған.
Аталған факті Әуезов полиция бөлімінде тіркелді. Қызды іздеуге 150-ден астам полицей мен еріктілер атсалысты. Полицейлер қызды көшеден тауып, үйіне қайтарды.