Ауыл тұрғындарына жылына 2,5 пайызбен несие беріле бастайды

Ауыл тұрғындарына жылына 2,5 пайызбен несие беріле бастайды

Ауыл тұрғындарына жылына 2,5 пайызбен несие беріле бастайды
ашық дереккөзі
50406
Павлодар облысында «Ауыл аманаты» жобасы табысты іске асып жатыр. Облыс әкімі ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармаларының, сондай-ақ «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдерімен «Ауыл аманаты» жобасын талқылады деп хабарлады turkystan.kz. Жобаның негізгі мақсаты – халықтың табысын арттыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу. «Ауыл аманаты» жобасы қатысушыларға 2,5% ғана құрайтын төмендетілген сыйақы ставкасы бойынша шағын несие беруді көздейді. Шағын несие көлемі – 8,6 млн теңгеге дейін. Павлодар облысында жоба шеңберінде 300 кейсті жобаны жүзеге асыруға 1,5 млрд теңге бөлінді. Асайын Байханов өзекті бизнес-жобалардың тізбесін және жеңілдікті кредиттер алу тетіктерін пысықтауды, сондай-ақ облыс аудандарының тұрғындарымен қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары