50316
Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК 31 қаңтар 2 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың солтүстік жартысы әлі де жоғары атмосфералық қысым ықпалында болады, осыған байланысты аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
«Еліміздің оңтүстік жартысының ауа-райын оңтүстік циклон анықтайды, онымен жауын-шашын, 2 ақпанда қатты жауын-шашын (жаңбыр түрінде) және ауа температурасының 5-12 градусқа дейін жоғарылауы күтіледі», – делінген хабарламада.