Жасөспірім қарда жүретін көлікпен адамдарды қағып кетті
Жасөспірім қарда жүретін көлікпен адамдарды қағып кетті
Ақтөбеде қала сыртында орналасқан демалыс орындарының бірінде қар үстінде жүретін шағын көлік бір топ адамды қағып кеткен. Қарда жүретін көлікті жасөспірім тізгіндеген деп хабарлады turkystan.kz Айқынға сілтеме жасап.
Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қайтыс болған еді. Дәрігерлер жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылған 49 жастағы ер адам мен бес жасөспірім баланың қазіргі жағдайы туралы айтты.
Зардап шеккен 16 жастағы бойжеткеннің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Миы шайқалған үш бала травматология бөлімінде емделіп жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.
Ал 17 жастағы жасөспірім амбулаторлық емделуде, ол тексеруден кейін босатылды.
"Зардап шеккендерді хирург, нейрохирург, реаниматолог, травматолог, ЛОР дәрігері қарады. Науқастардың барлығының жағдайы тұрақты, асқынған жоқ. Оларға қажетті ем-домдар көрсетілуде", - дейді дәрігер Сәкен Нұрымов.