14 жастағы қазақстандық ITF Juniors турнирінде чемпион атанды

14 жастағы қазақстандық Заңғар Нұрланұлы алғаш рет ITF Juniors турнирінде чемпион атанды деп хабарлады Turkystan.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Заңғар Словакияның Трнава қаласында 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасында өткен ITF Juniors жарысында үздік шықты.
Ол финалда жергілікті теннисші Даниэл Балашекті 6:4, 3:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
«Барлық матч өте қиын болды. Дегенмен жекелей сында ITF Juniors додасында алғашқы титулымды жеңіп алғаныма қуаныштымын. Бұл – мен үшін маңызды», – деді Заңғар Нұрланұлы.
Чемпионға арналған пәтер!
Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!