50483
14 жастағы қазақстандық ITF Juniors турнирінде чемпион атанды
14 жастағы қазақстандық ITF Juniors турнирінде чемпион атанды
14 жастағы қазақстандық Заңғар Нұрланұлы алғаш рет ITF Juniors турнирінде чемпион атанды деп хабарлады Turkystan.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Заңғар Словакияның Трнава қаласында 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасында өткен ITF Juniors жарысында үздік шықты.
Ол финалда жергілікті теннисші Даниэл Балашекті 6:4, 3:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
«Барлық матч өте қиын болды. Дегенмен жекелей сында ITF Juniors додасында алғашқы титулымды жеңіп алғаныма қуаныштымын. Бұл – мен үшін маңызды», - деді Заңғар Нұрланұлы.