Димаш Үндістандағы кинофестивальдің қазылар алқасы құрамына кірді

Димаш Үндістандағы кинофестивальдің қазылар алқасы құрамына кірді

Димаш Үндістандағы кинофестивальдің қазылар алқасы құрамына кірді
ашық дереккөзі
50489
Әлемдік деңгейдегі әнші Димаш Құдайберген Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер кинофестиваліне қатысу үшін Үндістанға сапармен барды деп хабарлады turkystan.kz. 27 қаңтарда Ұлттық орындаушылық өнер орталығының Джамшед Бхабхи театрында кинофестивальдің ашылуы өтті. Димаш Құдайберген қазылар алқасының құрамында салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы dimashnews.com мәлім етті. Аталған кинофестиваль Мумбаи қаласында 27 қаңтарда басталып, 31 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл іс-шараға Өзбекстан, Түркия, Қазақстан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан, Қытай, Ресей, Әзербайжан, Мьянма, Армения, Шри-Ланка елдерінің өкілдері қатысып жатыр. Кинофестиваль барысында ШЫҰ елдерінен 57 фильм ұсынылады. Димаш Құдайберген онда Қазақстан атынан қазылар алқасының құрамында болады.

Серіктес жаңалықтары