50239
Оралда танысын өлтірген тұрғын полицияға өзі келді
Оралда танысын өлтірген тұрғын полицияға өзі келді
Орал қаласында танысын өлтірген тұрғын полицияға өзі келді деп хабарлады turkystan.kz.
26 қаңтар күні Оралда тұрғын үйдің ауласынан ер адамның денесі табылған болатын.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, марқұмды өлтірген күдікті белгілі болды.
«Орал қаласы полиция басқармасы Абай полиция бөлімінің қызметкерлері қаңтардың 23-інен 24-іне қараған түні болған кісі өлтіру қылмысын ашты. Алдын ала тергеу барысында анықталғанындай, сол күні 1966 және 1970 жылғы екі таныс бірге арақ ішкен. Содан кейін 1966 жылғы тұрғынның үйіне келген. Ішімдік ішу барысында талас туындап, аулаға шығып, төбелескен. Үйдің иесі құлап қалған кезде 1970 жылғы ер адам оқиға орнынан бой тасалаған. Аула биік қоршаумен қоршалғандықтан, көршілер ештеңе көрмеген. Сол себепті мүрде аулада екі күн жатып қалған. 26 қаңтар күні күдікті полицияға өзі келіп, оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Оқиға орнын қарау, дәлелдемелерді жинау барысында оның кісі өліміне қатыстылығы анықталды. Сөйтіп уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», деп хабарлады ведомстводан.