50208
Сенатор Гүлмира Кәрімованың неден қайтыс болғаны айтылды
Сенатор Гүлмира Кәрімованың неден қайтыс болғаны айтылды
Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты сот-медициналық сараптамасының алдын ала қорытындысы шықты деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
"Сот-медициналық сараптамасының алдын ала қорытындысына сәйкес, науқас өлімінің тікелей себебі – жүрек талмасы (жедел миокард инфарктісі). Анафилактикалық шок диагнозы расталған жоқ. Сонымен қатар пациентке жедел жәрдемнің 5 минутта жеткенін атап өткіміз келеді. Өкінішке қарай команда келген сәтте науқастан өмір белгілері байқалмады. Тыныс алуы тоқтаған, тамыр соқпай тұрды. Дегенмен реанимациялық шаралар жүргізілді. Алайда одан нәтиже болмады", – делінген хабарламада.