Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
50266
Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Ақмола облысында жаяу бұрқасын, жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, тұман түседі. Батыс Қазақстан облысында тұман түседі. Астанада жаяу бұрқасын, жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбе облысында тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қызылорда облысында тұман болады. Павлодар облысында жаяу бұрқасын, жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Абай облысында жаяу бұрқасын, жел соғады, мұнда да екпіні 15-20, түнде екпіні 25 м/с болады. Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с болады.

Серіктес жаңалықтары