Түркістандық оқушы қымыз құятын робот ойлап тапты

Түркістандық оқушы қымыз құятын робот ойлап тапты

Түркістандық оқушы қымыз құятын робот ойлап тапты
ашық дереккөзі
50372
Төлеби ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы №2 жалпы орта мектептің 9-сынып оқушысы Жансұлтан Төребек информатика пәнінің мұғалімі Лаура Жақсыбекованың көмегімен «Асылбек» есімді қымыз құятын робот жасап шықты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Кез келген адам бұл роботқа арнайы пластикалық картаны жақындату арқылы Асылбекті сөйлете бастайды. Содан кейін робот қымыздың шипалы қасиеті туралы қысқаша мағлұмат береді әрі ыдысқа пайдалы сусын құяды.
«Роботтардың түрлеріне, жұмыс істеу принциптеріне қызығушылығым бұрыннан бар болатын. Мұндай робот құрастыру идеясы мектебімізде өткен информатика пәні апталығында ұйымдастырылған роботтар көрмесі кезінде туды. «Асылбек» роботын жасау туралы ойыммен алдымен мұғалімім Лаура апаймен бөлістім. Ол идеямды қолдап, құрастыруда көмектесетінін айтты. Менің роботым оқушылардың робототехникаға деген қызығушылығын арттырумен қатар, емдік қасиетке ие сусын арқылы жастардың арасында салауатты өмір салтын дәріптейді. Ұлттық сусынымызды насихаттайтын болғандықтан, «Асылбектің» ұлттық киімде болғаны дұрыс деп шештік», – дейді Жансұлтан.
Оның қымыз құятын робот жобасы ғылыми жобалар байқауының аудандық және облыстық кезеңдерінде жүлделі болды.

Серіктес жаңалықтары