50394
Антарктидадан көлемі Лондондай айсберг бөлінді
Антарктидадан көлемі Лондондай айсберг бөлінді
Антарктидадағы Брант шельфтік мұздығынан көлемі Үлкен Лондонмен бірдей айсберг бөлінді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ғалымдар бірнеше жыл бойы қалыңдығы 150 метрлік мұздағы жарықты бақылаған, ол толықтай жексенбі күні бөлінген.
1500км² астам үлкен айсберг бөлінгенін жариялаған Британия антарктидалық қызметі (BAS) мұның климаттың өзгеруіне тікелей қатысы жоқтығын және теңіз деңгейінің көтерілуіне әкелмейтінін мәлімдеді.
Бұл оқиғаға дайындалған: Брант шельфтік мұздығында Halley британдық зерттеу стансасы орналасқан, 2016 жылы қауіпсіздік мақсатында оны «Бездна 1» жарығынан 23 шақырымға ауыстырған болатын.