50283
Боранбаевтың соты: журналистерге ақпарат беруге тыйым салынды
Боранбаевтың соты: журналистерге ақпарат беруге тыйым салынды
Сот белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың сотына қатысты қандайда бір ақпаратты жариялауға тыйым салды деп хабарлады turkystan.kz.
«Сот БАҚ өкілдеріне сот залынан аудио-видео жазба жариялауға тыйым салды. Аталған шешім қайта қарауды талап етпейді», - деді судья Назгүл Бапакова.Оның сөзінше, журналистер сотқа қатысушы тарап пен куәгерлердің айғақтарын жариялаған. Журналистер БАҚ-та тек сот шешімін ғана жариялай алады.