50302
Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы ұсталды
Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы ұсталды
Антикор Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады деп хабарлады turkystan.kz.
Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының м.у.а. бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұза отырып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Ол Астана қаласы тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.