50319
Пара алған білім бөлімінің бас маманы ұсталды
Пара алған білім бөлімінің бас маманы ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі қалалық білім бөлімінің бас маманы жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілініп отырғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Құпия ақпарат бойынша 11.01.2023ж. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл факт бойынша Шымкент қаласының білім бөлімінің лауазымды тұлғалары күдікке ілінді. Қалалық білім бөлімінің бас маманы Ш.А. балабақша басшыларынан балабақшаларды тексеру бойынша оң шешім қабылдау үшін бірнеше рет (800 мың теңге) пара алу фактісі анықталды.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен қалалық білім бөлімінің бас маманы Ш.А. ұсталып, ол қылмыс жасағанын толық мойындады.
Ш.А.-ға қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.