Талғат Сырымбетов Азия чемпионатында жүлдегер атанды

/
Талғат Сырымбетов Азия чемпионатында жүлдегер атанды
ашық дереккөзі
Талғат Сырымбетов Азия чемпионатында жүлдегер атанды Қазақстандық боксшы Талғат Сырымбетов Бангкоктағы бокстан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сырымбетов турнирдегі кездесуін ширек финалдан бастады. Оған тәжікстандық Абубакр Муродзода қарсы шықты. Бұл жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Үшінші раундта Сырымбетов нокдаун алды. Осылайша, Талғат Сырымбетов құрлық біріншілігінің жартылай финалына дейін жетіп, өзін кем дегенде қола жүлдемен қамтамасыз етті.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары