Жастар арасындағы АЧ: Махмуд Сабырхан қарсыласын нокаутпен жеңді

/
Жастар арасындағы АЧ: Махмуд Сабырхан қарсыласын нокаутпен жеңді
ашық дереккөзі
Жастар арасындағы АЧ: Махмуд Сабырхан қарсыласын нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Махмуд Сабырхан Бангкокта 22 жастағы боксшылар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz.

Ересектер арасында әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері М.Сабырхан 57 келіге дейінгі салмақта малайзиялық Акмал Мухаммедпен жұдырықтасты. Бірінші раундта-ақ Махмуд қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші кезеңде төреші тағы есеп ашқаннан кейін техникалық нокаут тіркелді. Сөйтіп Махмуд Сабырхан да жартылай финалға жолдама алды. Ол бірінші жекпе-жегінде өзбекстандық Мирзабек Мирзахалиловтан айласын асырған еді.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары