3,5 миллионның тауарын сатып жіберген курьерге сот үкімі шықты
3,5 миллионның тауарын сатып жіберген курьерге сот үкімі шықты
Мәлімет бойынша, күдікті «Яндекс» қосымшасында тауарды клиентке дейін жеткізуші (курьер) болып тіркелген. Ол тауарды Астана мен Алматы қалаларынан интернет-дүкендер арқылы алып, нарықтан төмен бағамен өзге адамдарға сатып жіберген. Осы арқылы күдікті зардап шегуші тарап «Яндекс Деливери Кейзет» ЖШС-не 3,5 млн теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген. Жалған курьердің 24 фактіге қатысы бары белгілі болды.
Күдікті кінәсін толығымен мойындап, келтірілген шығынды өтейтінін, сондықтан қоғамнан оқшауламай қатесін түзеуге мүмкіндік беруін өтінді. Зардап шегуші тараптың өкілі де соттан айыпталушыны бас бостандығынан айырмай, шығынды қайтаруға мүмкіндік беруді сұрады.
Сот азамат У.-ға 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Сонымен қатар «Яндекс Деливери Кейзет» ЖШС-нің 3,5 млн теңге сомасында материалдық шығынды қайтару туралы азаматтық шағымы толықтай қанағаттандырылды.
Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.